Work Text:
─── ⋅ ∙ ∘ ☽ ༓ ☾ ∘ ⋅ ⋅ ───
Қаражидек Йогурты Академиясының ауласы таза, бал дәмді ауаға толы еді, лекциялар әлі де де оқылып жатырғанымен, екі кішкенетай тәттілер іште емес, салқын далада отырды. Осы көріністі оқытушылар көрсе, жақсы нәрсемен бітпес еді, алайда әзір олар тым алыс, көрмейтіні мәлім.
"Ақ Лалагүл..." деді нәзік дауыс, қантты бордюрде отырған қызды қаратып, "Ванилла, күте тұршы, менің эскиздерім әлі де дайын емес! Мен ғылыми жобада сасқалақтап қалмауым керек!" Дауыс ырағы өте қатты болып, қасындағы ұлдың көңіліне тиетіндей болды, бірақ тимеді. Себебі Ванилла ешкақашан достарын ренжімейді, оның бірінші әрі жалғыз досына тіпті де, Ақ Лалагүл тіпті тозаққа барса да, досы еріп барады, шын достыққа ешқашан кедергі болмайды.
"Ммм," деді Лалагүлдің досы, айналасына қарап, "Құстар бүгін неткен әдемі еді~, егер де біз сабақтан қашпай барлығын оқып, тапсырмаларды бітіргенде... мүмкін далаға шығып ойнар едік," соңғы сөзді асыра айтқан Таза Ванилла досына күлімсірей қалады, осы қызға еліктеп байғұстың бағалары түсіп кеткені масқара болды, талай сөз естіп, қаншама жазаға ұрынса да, ол Ақ Лалагүлдідің артынан ереді. "Неге?" – деп сұрайды көбісі, олар балалық достық пен шын сезімді түсінгенімен, осы екеуін түсіне алмады.
"Оқытушылар бізді өлтіреді," деді болашақ патша, оқымысты кукиге қарап, соңғысы тіпті досына қарамады, дәптерінде бірдеңе жазып, толықтырып, әдемді ұмыта жаздады.
"Мейлі," жауап берді шашы ұзын аппақ қыз, "мүмкін біз мыстандар бізді неге жаратқанын білуге бір қадам жылжитын шығармыз," жаластырды өңі жарқырап Лалагүл.
"Мені осылай қорқытпашы!" жылады досы, көзі мөлдіреп, Ванилланың қорақтау болғаны емес, өте сезімтал екені шын, ол Ақ Лалагүл үшін әрқашанда жақсы жақ болып саналды, ол досын шын жақсы көреді. Тіпті басқа оқушылар оларға саусақ шошайтып 'Мыналардың арасында бірдеңе бар' деуші еді, екеуін де қызылшадай қызартып.
"Жарайды, жарайды," деді қыз, досына жақындап, "кешірші, Ванилла, мен үшін қайтадан опық жейсің," деп айтқанымен, академия онша қорқынышты орын емес, мұғалімдер ары кетсе ұрысумен шектеледі, бірақ екеуі тым қатты шектен шыққаннан қорқыныштары мол.
"Е-е-ештеңе етпейді, Лалагүл..." тынышталып әрі қызарып айтты ұл, Ақ Лалагүлдің нәзік қолдары жетіп, оны құшаққа алды. "Жоқ...мен үшін сен де төменге түспе, досым, менің ең үлкен мақсатым менің досымның жолын бөгемеу керек," аппақ қыздың шыншыл сөздері жүрекке қатты тигені рас, бірақ ең тигені? Лалагүлдің өзін ' жол бөгейтін' деп санауы.
"Ақ Лалагүл..."
"Жоқ, Ванилла, ештеңе айтпа, мен әлдеқашан шешім қабылдадым!"
"Н-не..? Мен түсінбедім," деді Ванилла, орнынан тұрып жөнелген қызға, "Ақ Лалагүл!" айқайы досының құлағына жетпеді, бір мезеттен кейін болашақ патшаның көзі тек айдалаға кете жатқан алыс ақ шашты көрді.
"Ақ Лалагүл..." ең соңғы айтылған сөзі еді.
┊ ┊ ┊ ┊ ┊ ┊
┊ ┊ ┊ ┊ ˚★⋆。˚ ⋆
┊ ┊ ┊ ⋆
┊ ┊ ★⋆
┊ ◦
★⋆ ┊ . ˚
˚★
Таза Ванилла өзінің патшалығынан, достарынан, халқынан және жанынан айырылған, ол үшін енді ештеңе қорқынышты емес еді. Солай емес пе? Ванилла ойланар еді, бірақ ойлануға уақыт жоқ. Оның жас батыл достары оған жаңа уақытты көрсетті, жаңа жерлер, нан әлемнің әлі де өмір сүріп жатқанын танытты, енді Ванилла әді де осы жаңа, Қара Ұн Соғысынан кейінгі өмірді тануда, патшалығын жақсартуда, достарымен қарым қатынасты жандандыруда.
"Таза Ванилла Куки," шақырды оны таныс дауыс, патша лалагүлдерін суаруды тоқтатып, орнынан тұрды.
"Қара Мейіз Куки, сен ұйқыдан тұрып қойдың ба? Кешір, мен барлығы әлі ұйықтап жатыр деп ойладым," деді ақсақал, күлімсіреп.
"Иә..." жас куки патшаның не істеп жатқанына қарап, қабағын түйді. Әрине ол мейіз кукидың бейтарап реакциясы болды, бірақ бүгін біртүрлі сезінді.
"Барлығы жақсы ма, жас досым?," сұрады Таза Ванилла, мейірімге толы жауап күтпей, алайда келесі сөздерді де күткені жоқ.
"С-саған бір сұрақ қойсам бола ма..?" Ұяла басын тығып сұрады қыз, патшаға біртүрлі қарап. "Әрине, не сұрақ?" Деген жауап естіп қарадағы куки терең дем алды.
"Г-гүлдер..."
"Иә, ақ лалагүлдер~," үндеді Ванилла, дауысы тым жеңіл әрі нәзік, ауқымды бақшаның гүлдеріне қарап, сосын қызға күлімсіреп. "Саған гүлдер ұна бастады ма?" Деп сұрағанда Қара Мейіз Куки тағы да қызарды.
"Жоға!," деді ол, "мен жәй...сен соншама ерте таң атпай тұрасың...сонда осы гүлдерді суару үшін бе?"
"Иә, дәл айттың," Таза Ванилланың жылы дауысы жауап қайтарды. "Мен кішкентай жаңа пісірілген тәтті кезімнен бастам қоршаған ортаны жақсы көрдім," жалғастырды патша, қасындағы тәттіге жақындай бастап.
"Көрініп тұр," суықтап айтты қыз, бірақ дауысы шын зұлым болмады. Керісінше, өте қызығатыны білінді. "Бәрібір...гүлдер несімен жақсы?, маған өте қызықсыз көрінеді, әрі әлсіз."
"Оһ, жаным-ау," деді Таза Ванилла Куки, "Гүл – әлсіз, бірақ әдемі. Қарағанның көзіне күш, шабыт сыйлайды. Гүлдер – біздің достарымыз, оларда тірі. Біреуге күресу үшін шабыт беру – өзі де күш емес пе?" сұрады патша.
"Мүмкін...бірақ мен басқа нәрседен де шабыт ала аламын, маған гүлдер керек емес!" бұл Қара Мейіздің дауысы емес еді, ол Құлпынау Креп Кукиға тиесілі еді.
Басқа екі куки орынында шошыды, "Құлпынау Креп Куки!", деді екеуі, кішкентай тәттінің келгенін әрі естігеніне назар аудармаған. "Сен қашан келдің? Барлығын естідің бе?" деп сұрады Таза Ванилла. "Әрине! Мен әрқашан қарап жүремін! Және де сен, кәрі куки," деді Құлпынай Креп, патшаға көрсетіп, "өте тиімсіз нәрселермен айналысасың, гүлдердің көбісі лалагүлдер, ол тиімсіз, мен сенің орныңда әр ьүрлі гүлдерді торығызар едім" деп, қаша жөнелді бала.
"Хахаха!" Қара Мейіз Куки күлді, Таза Ваниллаға қарап, "сені жерге қаратты ғой! Қандай патшасың өзі?" деген мысқылы естілді. Бірақ Таза Ванилла оған еш мән бермеді.
"Хмм? Не болды?" Деп сұрады қара мейіз.
"Ештеңе...жәй, мен ойланып қалдым," шындықты айтты патша. "Хах?"
"Мен... Қара Мейіз куки,"
"Иә?"
"Сен Ақ Лалагүлдердің мен үшін нені білдіретін екенін білесің бе?" бұл сұрақ өте тыныш айтылды, әрі патшаның жүзі...қайғыға толды? "Таза Ванилла?"
"Менің ең жақын досым Ақ Лалагүл..."
﹒ ◠ ✩ ⊹ ﹒﹒ ◠ ✩ ⊹ ﹒﹒ ◠ ✩ ⊹ ﹒﹒ ◠ ✩ ⊹ ﹒﹒ ◠ ✩
"Ақ Лалагүл Куки! Кел, Бірге шырын ішейік!"
"Ақ Лалагүл Куки, менің байлығыма қарайсыңба? Саған алтын білезіктер сыйлаймын!"
"Ақ Лалагүл Куки.... Маған көмектесесің бе?"
Әртүрлі дауыстар шақырды...
"Лалагүл...
Кетпеші,"
˖ ݁𖥔.☁︎.𖥔 ݁ ˖˖ ݁𖥔.☁︎.𖥔 ݁ ˖˖ ݁𖥔.☁︎.𖥔 ݁ ˖˖ ݁𖥔.☁︎.𖥔 ݁ ˖˖ ݁𖥔.☁︎.𖥔 ݁ ˖˖ ݁𖥔.☁︎.𖥔 ݁ ˖˖ ݁𖥔.☁︎.𖥔 ݁ ˖˖ ݁𖥔.☁︎..☁︎.𖥔 ݁ ˖
"Ояндыңба?"
"Ванилла..."
Таза Ванилла жарық бөлмеге кіре жөнелді, қолында табақ тәттіге толы, Ақ Лалагүлді тапқаннан бері бірнеше ай өтті, патша әлі де досының қасында болғанына сенбейді сондықтан өте қатты жанында уақыт өткізгісі келеді. "Ақ Лалагүл," шақырды патша, төсекке отырып, табақты ұсынып, "сен көп уақыт ұйқыда өткіздің...мүмкін бірдеңе жерсің?"
"Рақмет, Ванилла...мен қайтадан түстер көрдім," деді Ақ Лалагүл,
"Барлығы жақсы болады, досым," деді досы, жүзі жадырап, оның досына қаншама қолдау екенін түсінсе еді, шіркін. Таза Ванилла әр қашанда досытарына көмектеседі, тіпті өзінің көп қателік жасаған ғашығына. Бірақ...Ақ Лалагүл әлі де осыған сенбейді, себебі тым қатты басқалардың сезімдерінде қателеседі. Алайда, оларға екінші шанс берілен соң, бәрі болады.
✧°˖ . ݁˖︵‿❀‿︵˖ . ݁˖°✧ ✧°˖ . ݁˖︵‿❀‿︵˖ . ݁˖°✧ ✧°˖ . ݁. ݁˖︵‿❀‿︵˖ . ݁˖°✧♡♡♡♡
