Actions

Work Header

Rating:
Archive Warning:
Category:
Fandom:
Relationship:
Characters:
Additional Tags:
Language:
qazaqşa | қазақша
Stats:
Published:
2023-06-27
Words:
371
Chapters:
1/1
Comments:
1
Kudos:
2
Hits:
33

home

Summary:

      — читтапон сычен үшін тор - оның еркіндігін жоқ қылса да, ол сыченнің үйі.

Notes:

(See the end of the work for notes.)

Work Text:

винвиннің қойнына масайған оқушылар тығылады, он алтыларын арзан клубта қарсы алған. сычен таңертеңіне олардың маңдайынан сүйеді, ал ақ параққа жазылған нөмірлерін ендігі қарамастай етіп, тартпаға лақтырады. қағаздар шіріп барады.

- доғарсаңшы, - дейді тэн, жанашырлықпен. сычен үн шығармайды, оның жүзін танауының ұшымен шарлап жатып. - сен олардың жүректерін сындыратын шығарсың. мүмкін.

- ал сен менікін сындырасың. дəл солай.

тэннің күлкісі қазанның жапырақтары іспеттес, құлайды сыченнің кеудесіне. оның тіпті өкпесін толтырады өзінің демімен. күзгі желмен ою сызып сыбыр етеді құлаққа. жəне бар айтары оның: "мені сүйме."

- маған жанасуыңа болады, бірақ мені сезінбегенің дұрысырақ.

олай болса, сычен əу бастан-ақ бұрыс жолға түскен екен, өйткені тэнді сезінбеу мүмкін емес.

əсіресе тэннің бұғансын, көкірекке тірелген; тэннің белін, сычендік мықындар берік қысқан; тэннің шаштарын, дунның саусағы адасқан; тэннің тілін, дəмі орман жидектерінен ауымайтын.

- маған солай ғана ұнайды.

сычен тэнді қалағанынша қолданады. тэн оған рұқсат берген. сондықтан винвин қолданады оның тəнін, денесін, дауысын қалаған уақытында. дегенмен, олардың арасындағы нағыз қуыршақ - дун сычен тəрізді. себебі читаппон үшін арадағы нəрсе - бар болғаны ойын.

ал сычен тэнге зат есімдей тəуелдене береді.

- шығыңқы қабырғаларыңда қызғалдақтар өсіруге болады тіпті, - дейді дун, тэннің кіндік тұсына ыстықпен үрлей.

- саған рұқсат берермін, егер сүйіспен өсірмек болсаң.

винвиннің езу тартқаны оң жақ бүйірді қытықтай береді. тэн күледі, тіземенен əлгінің кеудесінен итере. ал сычен ант етеді, егер тэннің кеудесін тесіп, өсетін нəрсе бар болса, ернінен тамған қызғалдақ емес, жанары төккен ауырсыну болмақ.

төсек жабдықтарынан балғын, жағымды жұпар шығады жəне əрдайым тағы екі сағаттай ұйқыда жата тұрғысы келеді сыченнің. бəрібір ендігі түскі үш болса да, бəрібір тіпті бұл тэннің пəтері екеніне де. ал үй иесі душтан шыға, есікке сүйене тұрады, қол айқастырып.

- кететін ойың жоқ па?

 

винвин кетіп қалар еді, бұрында-ақ. өз сезімдерін байқай бастағанда, қашып кетер еді ештеңеге қарамастан. ол читаппонның нөмірін отқа жағар еді, қазір өз қанаттарын өртегендей. бірақ дун біледі: кеткен күннің өзінде тэннен құтыла алмасын. өйткені сычен қайда болса - тэн сонда.

читтапон сычен үшін тор - оның еркіндігін жоқ қылса да, ол сыченнің үйі.

- тағы бола тұрайыншы.

- төсегімнің түбіне жеткің келе ме?

жігіттің дауысы кенет сыченнің жанындағы бос орыннан шығады, оны "қорқып" кетуге мəжбүрлей. дун күлер еді, тэннің ойнақылығына қайран қалып. бірақ ол тек читаппонды сүюге ұмтылады да, оның ернінің тұсында тоқтай кетеді, өзіне ынтық қылып. ұйқыдағы əзəзілі жатқан, қараңғы үңгірдей көздеріне кіре бастайды, баяу бимен.

- өзімнің түбіме жетейін.

Notes:

оригиналы: https://vk.com/photo-82010174_457245304 мында.